Тағам жеткізу қызметі
|
Егер күн сайын бір тағамға тапсырыс берсеңіз немесе ет, балық, көкөністер, жидектер, тұқымдар, жаңғақтар, дәнді дақылдар мен қантсыз жемістерді жеткіліксіз жеу яғни теңдестірілмеген рационды ұстансаңыз қыста дәрумендердің жетіспеушілігіне оңай тап боласыз
Белгілері және алдын-алу шаралары
Қысқы дәруменсіздік
Ең жиі кездесетін 6 дәруменсіздік және олардың белгілері:
D дәруменінің, ақуыздың, темірдің тапшылығы
Темір, D дәрумені немесе йод тапшылығы энергияның төмендеуі, апатия, тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі және кебе - ақуыздың себебі болуы мүмкін.

Егер бұл белгілерді бойыңыздан байқасаңыз, маманға көрініп, нақты себебін анықтаған жөн.

Алдын-алу шарасы ретінде әртүрлі ет түрлерін (аптасына 2-3 рет жылқы, қой немесе сиыр етін) жеп, күркетауық еті, субөнімдер (айталық, бауыр паштеті) және балық (аптасына 2-3 рет) қосылған тағамдарға тапсырыс беріңіз, ал таңғы асқа омлет таңдаңыз

D дәруменін қоспа түрінде қабылдаған жөн: қыс пен көктем бойы таңғы асқа майлы тамақпен 2000-4000 ХБ ішкен дұрыс.
Омега-3, А, D дәрумендерінің тапшылығы
Безеу, көру қабілетінің нашарлауы, шаш пен терінің құрғауы, жиі тұмаурату – А және D сияқты майда еритін дәрумендер жетіспеушілігінің, сондай-ақ Омега-3 жетіспеушілігінің де белгілері болуы мүмкін.

А дәруменін субөнімдер (бауыр, жүрек және т.б.), асқабақ, батат, жұмыртқа, қолдың майын тұтыну арқылы аламыз.

Омега 3 дегеніміз бұл зығыр тұқымы, майлы балық, жаңғақтар.

В тобы дәрумендерінің тапшылығы
Әлсіздік, көңіл-күй мен тәбеттің бұзылуы, қол мен аяқтың шаншып ауыруы, еріннің жарылуы, терінің қабыршақтануы, бозарыңқылық - В тобы дәрумендерінің тапшылығы.

Алдын алу үшін рационға дәрумендерге бай субөнімдер, жарма, сиыр еті, күркетауық еті, бұршақ дақылдары, көкөністерді қосыңыз.
С дәруменінің тапшылығы
Қызыл иектің қанағыштығы, терінің бірден көгеруі, жиі тұмаурату - С дәрумені жетіспеушілігінің белгілері.

Тапшылықтың орнын толтыру үшін ашытылған қырыққабат, винегрет, кіресгүлділердің басқа түрлерін, қарақат пен шырғанақ жидектерін жеуді бастаңыз.

Магний (Mg) тапшылығы
Көңіл-күйдің күрт құбылуы, ашуланшақтық, түнгі уақытта сіңірдің тартылуы, ЕАС - магний тапшылығының белгілері. Оны қоспа түрінде қабылдау керек, себебі ағзаға магний өте көп мөлшерде қажет. Профилактикалық мөлшері 400-600 мкг, цитрат немесе малат түрлерін таңдаған жөн. Кешкі астан 30 минут бұрын және ұйықтар алдында ішіңіз.
Мырыш (Zn) тапшылығы
Тырнақтағы ақ нүктелер, «қысқы» қышыма - мырыш тапшылығының белгілері. Хумустарға, теңіз өнімдері, саңырауқұлақтар, қызыл ет және құс еті қосылған тағамдарға тапсырыс беріңіз, асқабақ тұқымы қосылған салаттарды жеп, үнемі қантсыз какао ішіңіз, сонда сізде мырыш тапшылығы болмайды.

Қорытындылай келе, тапшылық жағдайларын болдырмау үшін, әркелкі тамақтануға тырысыңыз, мысалы, күніне қанша түрлі-түсті көкөністерді жейтіндігіңізді есептеңіз, оңтайлы саны 5, егер одан көп болса тіпті керемет! Тәрелкеңіз қашанда кемпірқосақ іспеттес екеніне көз жеткізіңіз, жаңа дәмдерді татып көріңіз
- Кәсіби тәжірибесі жоғары нутрициолог. Мәскеудегі оқу медицинасы университетінің түлегі.
- Салауатты өмір салтын ұстанады.
- Салауатты өмір салтын тиімді жүзеге асыруға арналған пайдалы рецепттер және әдістемелік құралдар жинағының авторы.
- «Healthy Life Power" (РФ/Сингапур) денсаулыққа арналған «Салауатты өмір күші» халықаралық конференциясының сертификатталған қатысушысы.
Анна Турсунбаева
Автор туралы
© CHOCOFOOD 2023