Тағам жеткізу қызметі
|
Сұлу қылар
үздік бестік
Сұлулықты тек сырт келбетке күтім жасау арқылы ғана емес басқа жолдармен сақтап қалғыңыз келе ме?
Мынадай азық-түліктерді рационға қосыңыз:
Теріні жайнатар сорпалар
Нәрлі сүйек сорпаларын тұрақты түрде ішіп тұру (дұрысы ферма өнімдерінен) сізді сұлулық инъекцияларынан артық жасартпаса, кем жасартпасы анық.. Сорпада коллаген мен аминқышқылдары бар, олар теріні ішінен ылғалдандырады, жұмсақтық пен серпімділік сыйлайды, ал сүйектер мен буындарға тығыздық пен қозғалғыштық береді. Жылқы еті, сиыр еті, қой еті, күркетауық еті, үй тауық еті, балық сорпаларын таңдаңыз.
Қол терісін нәзік етер субөнімдер
Субөнімдер - темір, ақуыз, А дәрумені, В дәрумендері және тағысын тағылары бойынша нағыз чемпиондар. Олар шаштың сұлулығы мен қалыңдығына, тырнақтың беріктігі мен терінің тазалығына жауап береді. В тобы дәрумендерінің ең көп мөлшері бар тағамдар - үй тауығы, сиыр, күркетауық, жылқы бауыры. Егер жүйке жүйесі сау, шаш қалың және тері жарқыраған болсын десеңіз, рационға бауыр мен басқа да субөнімдер бар тағамдарды қосыңыз.
Шашты қалың етер майлы балық
Майлы балық - бұл дүйім әйел затына сұлулық мен денсаулық үшін қажет пайдалы Омега 3 май қышқылдарының қайнар көзі. Егер тері құрғақ, шаш сынғыш болса ал көңіл-күйіңіз жабырқап тұрса, шоколадтың орнына сүйікті тәсілмен дайындалған балықты жеген жөн. Мысалы, скумбрия, майшабақ, сардина, ақсерке немесе бақтақ балығы.
Бет түсін жақсартар жидектер
Жидектерде біздің қантамырларымызға, жүрегімізге, терімізге және ішекгімізге қажет қоректік заттар бар. Олар сондай-ақ «жастық пен сұлулықтың» Е, С дәрумендеріне, фолий қышқылына, кремний мен калийге бай. Глюкоза мен фруктозаның жидектерде аз болуы үлкен артықшылық. Жидектерді тұтас, әрі кеткенде смузи түрінде жеу қажет, тек десерт түрінде ғана жеуге болмас, жидектердің пайдалылығы сізді артық қанттан құтқаруы екіталай. Мұздатылған маусымдық жидектер жаңа піскен жидектерден кем түспейтіні есіңізде болсын. Мысалы, біздің қарақаттың құрамында цитрус жемістеріне қарағанда С дәрумені бірнеше есе көп. Мүкжидек пен шырғанақ сияқты қышқыл жидектер иммунитетіңізді жақсартып қана қоймай, сонымен қатар майлы тіннің ыдырауын тездетеді.
Денебітімін сұңғақ етер көкөністер
Көк пен көкөністер - арықтау мен сауықтырудың таптырмас көмекшілері, жасұнық, дәрумендердің, минералдардың және антиоксиданттардың қайнар көзі. Олар майларды, ақуыздарды және көмірсуларды ыдыратуға белсенді ат салысады. Ас қорыту мен жасушалардың жаңару процестерін жақсартады, яғни оларды үнемі жеп тұру сізге сергек әрі сау болуға мүмкіндік береді! Сондықтан әр тамақ ішкен кезде көк пен көкөністерді қосып жеуге тырысыңыз.
© CHOCOFOOD 2022
Автор жайлы
Анна Турсунбаева
«Healthy Life Power" (РФ/Сингапур) Халықаралық денсаулық конференциясының сертификатталған қатысушысы
Салауатты өмір салтын тиімді енгізу бойынша пайдалы рецепттер мен әдістемелік құралдар жинағының авторы.
Салауатты өмір салтын жақтаушы.
Дипломы бар кәсіпетуші нутрициолог. Білім беру медицинасы университетінің (Мәскеу) түлегі.