Қазақстандық тағам жеткізу сервисі
ТОП-7
Нутрициологтың жаңа жылдық
кеңесі
Жаңа жылдық мерекелерді фигураға зиян келтірмей, дәмді тағаммен қалай өткізуге болады?
|
Етті балық пен құс етіне ауыстырыңыз
Дәмді пісірілген күркетауық, балық немесе жылқы еті дастарханыңызды безендіреді, денені пайдалы заттармен байытады және ішектерді ауырлатпайды.
Майонезсіз салаттар
Майонезсіз салаттарды дайындаңыз немесе тапсырыс беріңіз. Салат үшін қосымша таза зәйтүн майын, бальзам сірке суын/тұздығын, лимон шырынын, үй майонезін немесе тофу майонезін таңдаңыз.

Салаттар дәмді және денсаулыққа пайдалы болып қалады.
Шұжықтардан сақ болыңыз. Қазы немесе пастрома қолданыңыз.
Таңғажайып ет дәміне қарамастан, шұжық ет емес екені анық. Қалаған шұжықтың ішінде не бар екенін анықтау қиын, құрамы бойынша ненің зиян, ненің пайдалы екенін анықтау одан да қиын.

Шұжық деликатестерінің нәтижесінде сіңуі қиын және қан тамырларының жұмысына зиян келтіретін трансмайлары ағзаға түседі.
Шұжықты ұлттық деликатес – қазыға ауыстырамыз. Ал құс етін жақсы көретіндер үшін тауық пастромасын қолдануға болады. Екі тағам да щұжық кесіндісін тамаша алмастырады.

Классикалық желе еті (холодец) де ет тағамдарының пайдалы түрі болып табылады. Асқазанды қуантып қана қоймай, денені коллагенмен қанықтырады.

Салаттардағы шұжықты пісірілген немесе қайнатылған құс етіне немесе жылқы етіне ауыстырамыз.
Микробиома үшін тағам қосыңыз
Кимчхи немесе ашытылған қырыққабат мерекелік дастарханнан кейін денедегі токсиндерді тезірек жоюға көмектеседі.

Түрлі маусымдық көкөністер диетаға талшықты қосып, ішектерге тағамды тезірек қорытуға көмектеседі.
Мандариндер - бұл жаңа жылдық шемішкілер. Бір отырғанда екі келі шағу шек емес. Дегенмен, мұндай рекордтардан бас тарту керек.

Фруктоза глюкоза болмаса да, қант болып табылады.
Жемістерді шамадан тыс тұтыну бауырға теріс әсер етіпі, ішекті ашытуға ықпал ете қоймай, тіпті депрессияны тудыруы мүмкін.

Сондықтан жемістерді ақылға қонымды мөлшерде жеңіз немесе оларды жидектермен ауыстырыңыз.
Қышқыл жидектер (қарақат, мүкжидек, сиыржидек) ең жақсы таңдау болып табылады.

Мұздату жидектердің пайдалылығына үлкен әсер етпейді, ал олардың құрамындағы қышқыл мен микроэлементтер ас қорытуға көмектеседі.
Жемістердің орнына жидектер
Десерттер
Жаңа жылға наполеондық жоспарларыңыз болса да, «Наполеон» тортының түгелімен тойламай-ақ қойыңыз - бір ғана бөлігі жеткілікті.

Ең дұрысы, бұларды пайдалы тәттілермен ауыстырыңыз. Мысалы, жидектермен.
Ішу керек пе, әлде керек емес пе?
Ең дұрысы, ең жақсы сусындар - су, үй компоты немесе қантсыз шырын, цикорий, иван шайы, чага, саган дайля, каркаде.

Бірақ, соған қарамастан, сіз Жаңа жылға басқа сусындарды жоспарласаңыз, мерекелерден кейін 3-5 күн ішінде кез келген сорбентті (белсендірілген көмір, полисорб және т.б.) ішу керек.
Сорбенттер ас қорыту органдарының жұмысын жеңілдетеді және токсиндерді кетіреді.

Су ішуді ұмытпаңыз. Жылы таза су - ағзаға тамаша тірек, ісінуден және ас қорыту проблемаларынан қорғайды.

Судың нормасы дене салмағының 1 кг үшін 40 мл-ден есептеледі.
ТОП 7 Жаңа жылдық кеңестер күнделікті өмірде де қолданылады. Ал демалыстан кейін жаңа өмір бастауды жоспарлап жүргендер үшін келесіде жаңа мақала жариялаймыз.
БОНУС: үйдегі майонез рецепті
Құрамы:
- 300 мл Extra Virgin таза зәйтүн майы (немесе тазартылмаған күнбағыс майы)
- 3 қайнатылған жұмыртқаның сарысы
- 2-3 шай қасық Дижон қышасы (немесе басқа қантсыз қыша)
- 2 ас қасық лимон шырыны
- ½ шай қасық
Дайындау әдісі:
Барлық ингредиенттерді блендермен тегіс болғанша араластырыңыз. Тоңазытқышта 5 күнге дейін сақтаңыз
© А. Турсунбаева
- Кәсіби тәжірибесі жоғары нутрициолог. Мәскеудегі оқу медицинасы университетінің түлегі.
- Салауатты өмір салтын ұстанады.
- Салауатты өмір салтын тиімді жүзеге асыруға арналған пайдалы рецепттер және әдістемелік құралдар жинағының авторы.
- «Healthy Life Power" (РФ/Сингапур) денсаулыққа арналған «Салауатты өмір күші» халықаралық конференциясының сертификатталған қатысушысы.
Автор туралы
Анна Турсунбаева
© CHOCOFOOD 2022