Тағам жеткізу қызметі
|
Иммунитетті нығайтамыз
Көктем - бұл керемет ауа-райы, тамаша көңіл-күй мен күтпеген жерде салқын тию мезгілі.
Суық тиюдің алдын алу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:
Ыстық жапон немесе кәріс тағамдарына ауысыңыз
Сүйікті тағам жеткізу қызметіңізде бұл кезеңде әдеттегі бургерлер немесе құс қанаттарының орнына ащы раменге, ыстық мисо сорпасына, тұздығы бар пісірілген балыққа тапсырыс берген дұрыс.

Васаби, кимчхи қырыққабатына немесе фирмалық кәріс ащы салатына. Дегенмен, қуырылған тағамдар мен кеспелерден аулақ болыңыз, олар асқазанда қорытылу үшін көп ресурстарды қажет етеді.
Рационыңызға қышқыл мен ащыны қосыңыз.
Вирустар қышқыл мен ащыны ұнатпайды
Зімбір қосылған тағамдарды, рукола, шалқан, пияз және сарымсақ қосылған салаттарды тұтыныңыз. Қантсыз және шәрбатсыз шайларды таңдаңыз - жылытатын, лимонмен, апельсинмен, жидектердің барлық түрлерімен және аздап бал қосылған шайлар. Ал үйдегі қантсыз компоттарды ыстықтай ішіңіз.
Рационыңыздан қант пен зиянды заттарды алып тастаңыз
Вирустар барлық зиянды және тәттілерді жақсы көреді.
Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз – «жеңілдету» үшін десерттерге тапсырыс берудің немесе тәтті жемістерге сүйенудің қажеті жоқ.
Ыстық, тойымды және табиғи тағамды таңдаңыз.
Зира және басқа да дәмдеуіштер қосылған дәмді өзбек палауы немесе пісірілген көкөністермен буға пісірілген үйдің котлеттері сауығып кетуге тамаша көмектеседі!
Тұтасдәнді нанға майонездің орнына үйдегі сары майды жағыңыз. Осы кезеңдегі ең жақсы десерт жидектер болады, сіз сүйсініп тағамданатын кез-келген түрі, қышқылы дұрысырақ болады.
Сорпа, нарын немесе үй сорпасын ішуді бастау уақыты келді.
Осы қиын кезеңде организмді қолдау үшін сорпалардың ішінен аминқышқылдарына бай, сүйегі мол және ұзақ пісіруді қажет ететін түрін таңдаған дұрыс
Нені ұмытпаған жөн?
Таза ауада серуендеу, тіпті салқын тисе де, жеңіл физикалық белсенділік, толық түнгі ұйқы және су режимін
Егер сіз соған қарамастан ауырып қалсаңыз
С витаминінің табиғи және белсенді түріне бай, тез және тиімді сауығып кету құралы.

Рецепті: 200 грамм мүкжидек пен теңіз шырғаны, аздап зімбірге 1 литр қайнаған су құямыз.
Блендерден өткізіп, әр 2-3 сағат сайын ыстықтай ішіеміз. Ескерту: асқынған ішек аурулары бар адамдарға жарамайды.
мүкжидек-теңіз шырғанақ коктейлі дұрыс.
© CHOCOFOOD 2023
Салауатты өмір салтын ұстанады
«Healthy Life Power" (РФ/Сингапур) денсаулыққа арналған «Салауатты өмір күші» халықаралық конференциясының сертификатталған қатысушысы
Салауатты өмір салтын тиімді жүзеге асыруға арналған пайдалы рецепттер және әдістемелік құралдар жинағының авторы
Анна Турсунбаева
Автор туралы
Кәсіби тәжірибесі жоғары нутрициолог. Мәскеудегі оқу медицинасы университетінің түлегі